Қазақстандықтар қыс мезгілінде қандай құжаттарды жиі алады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВыборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ
Выборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
Биыл қыста 500 мың адам төлқұжат пен жеке куәлік алған
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтар қыста паспорт рәсімдеп, жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік органдарға жиі жүгінетіні белгілі болды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы хабарлады.
"Қыс мезгілінде азаматтар ең жиі паспорт рәсімдеу, жүргізуші куәлігін алу және жылжымайтын мүлікке қатысты тіркеу қызметтеріне жүгінген", - деп жазылған хабарламада.
Қыс айларында ең көп сұранысқа ие қызметтер:
Паспорттар мен жеке куәліктерді беру – 500 мыңнан астам,
Көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір белгілерін беру – 400 мыңнан астам,
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу – 250 мыңнан астам,
Жүргізуші куәліктерін беру – шамамен 124 мың,
Кадастрлық паспорт беру – 71 мыңнан астам.
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Қазақстанда электронды құжат айналымының бірыңғай стандарты әзірленді
Жаңалықтар
0