https://sputnik.kz/20251209/qazaqstanda-elektrondy-quzhat-aynalymynyn-biryngay-standarty-azirlendi-59467569.html
Қазақстанда электронды құжат айналымының бірыңғай стандарты әзірленді
Қазақстанда электронды құжат айналымының бірыңғай стандарты әзірленді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құжат айналымының бірыңғай... 09.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-09T22:00+0500
2025-12-09T22:00+0500
2025-12-09T22:00+0500
электрондық үкімет
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құжат айналымының бірыңғай стандартын әзірледі.Электронды құжат айналымы нарығы – ұлттық цифрлық инфрақұрылымның стратегиялық маңызды элементі.Осыған байланысты келесі шараларды қамтитын бірлескен құжат бекітілді:Бұл – адал бәсекелестікті дамытуға, цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға және отандық IT нарығында инновациялық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған. Нәтижесінде IT саласының тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді, дейді министрлік.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет, қазақстан
электрондық үкімет, қазақстан
Қазақстанда электронды құжат айналымының бірыңғай стандарты әзірленді
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құжат айналымының бірыңғай стандартын әзірледі.
Электронды құжат айналымы нарығы – ұлттық цифрлық инфрақұрылымның стратегиялық маңызды элементі.
"Электронды құжат айналымы саласында отандық шешімдер дамыса, елдің цифрлық суверенитетін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың негізгі процестерінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік туады. Іскерлік ортаның ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекет, бизнес пен азаматтар арасындағы өзара әрекетте шешуші рөл атқарады", - деп жазылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарламасында.
Осыған байланысты келесі шараларды қамтитын бірлескен құжат бекітілді:
жүйелер арасындағы құжат айналымында өзара әрекеттесу принциптерін әзірлеу;
қызмет көрсетушілердің ауысымдылығын қамтамасыз ететін технологиялық стандарттарды енгізу;
жеке ұйымдарға электронды үкімет құжат айналымының шлюзіне қол жеткізу мүмкіндігін беру;
цифрлық деректердің мемлекет меншігінде болуын және технологиялық ашықтық принциптерін заңнамалық деңгейде бекіту.
Бұл – адал бәсекелестікті дамытуға, цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға және отандық IT нарығында инновациялық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған. Нәтижесінде IT саласының тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді, дейді министрлік.