Оқушыларға телефон ұстауға толық тыйым салынуы мүмкін

CC0 / William Iven / Смартфон с наушниками
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанда оқушыларға телефон ұстауға толық тыйым салынуы мүмкін
Мұндай түзету Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қамтылған. Ол мәжілісте қарастырылады.
Қазір әр мектептің әкімшілігі оқушылардың смартфонды қай жағдайда қолдана алатынын өз бетінше шешеді. Заң бойынша тыйым сабақ кезінде ғана қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушылар смартфонды пайдалана алады. Егер телефон оқу процесі үшін қажет болса, мұғалімнің шешімі бойынша оны қолдануға рұқсат беріледі.
Жаңа заң жобасында бұл норма алынып тасталуы мүмкін. Ал оқушылардың гаджеттерді пайдалану құқығын шешу құзыреті білім беру саласындағы уәкілетті органға берілуі ықтимал.
Бұл Оқу-ағарту министрлігі немесе өңірлік білім басқармалары болуы мүмкін.
Девочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Депутат балалардың гаджетті пайдалану уақытын мемлекеттік деңгейде бақылауды ұсынды
Жаңалықтар
0