https://sputnik.kz/20260216/kokshetaulyq-kasipker-ayel-artsport-arqyly-aqsha-zhymqyrgan-61212497.html
Көкшетаулық кәсіпкер "ArtSport" арқылы ақша жымқырған
Көкшетаулық кәсіпкер "ArtSport" арқылы ақша жымқырған
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам залал келді 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T19:10+0500
2026-02-16T19:10+0500
2026-02-16T19:12+0500
спорт
көкшетау
алаяқтық
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893760_13:0:1906:1065_1920x0_80_0_0_2ccf25e61c722addc87a4409d02ecf0d.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Көкшетауда "ArtSport" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.Жеке кәсіпкер 2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде алты баланың сабаққа қатысқаны туралы жалған ақпарат берген. Балалар іс жүзінде секцияларға қатыспаған.Салдарынан мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді.Сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20240214/batys-qazaqstanda-sportty-damytu-direktsiyasynyn-eks-direktory-qamauga-alyndy-42295212.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893760_250:0:1670:1065_1920x0_80_0_0_f029ec08479e3f77a9f710ab9bcc1c7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, алаяқтық, алаяқ
көкшетау, алаяқтық, алаяқ
Көкшетаулық кәсіпкер "ArtSport" арқылы ақша жымқырған
19:10 16.02.2026 (жаңартылды: 19:12 16.02.2026) Мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам залал келді
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Көкшетауда "ArtSport" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Жеке кәсіпкер 2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде алты баланың сабаққа қатысқаны туралы жалған ақпарат берген. Балалар іс жүзінде секцияларға қатыспаған.
"Әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, "ArtSport" бағдарламасына қатысу құқығын алған. Сондай-ақ ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына ақша қаражаттары аударылған", - дейді прокуратура.
Салдарынан мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.