Батыс Қазақстанда "Спортты дамыту дирекциясының" экс-директоры қамауға алынды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
Тергеу дерегі бойынша күдікті 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК экс-директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше бұрынғы директорға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Тергеу дерегі бойынша күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы "Artsport" бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде "Ақжайық ФК" ЖШС-не бөлген", - деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жамбыл облысында шенеунік пен серіктестік басшысы 8 жылға сотталды
Жаңалықтар
0