Жамбыл облысында шенеунік пен серіктестік басшысы 8 жылға сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Олар жол салуға бөлінген қаражатты жымқырған
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен серіктестік директоры бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырлғанын анықтады.
"Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы мен "АлматыМонтажСтрой" ЖШС директорының орынбасары қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған", - дейді ведомство.
Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Жымқыру" бойынша тергеу жүргізген. Тергеу кезінде мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген. Алайда бөлім басшысы мен серіктестік директоры 8 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
0