Алматыға 22 елдің марафоншысы келді

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматыға 22 елден марафоншылар келді
Алматыға 22 елден марафоншылар келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Жазылу
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Алматыда Winter Run жарысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биылғы жүгіру маусымындағы алғашқы жарысқа 2 500 адам келді. Олардың ішінде 22 елдің 116 марафоншысы да бар.
"Жоба географиясы Орталық Азия елдерін – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыды. Сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Швеция, Норвегия, Украина, Беларусь және Ресей азаматтары қатысты. АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, Филиппин және Жаңа Зеландиядан келген желаяқтар да жарыс көркін қыздырды", - дейді ұйымдастырушылар.
© пресс-служба акимата АлматыАлматыға 22 елдің марафоншысы келді
2500 участников из 22 стран вышли на старт бегового сезона в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Алматыға 22 елдің марафоншысы келді
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Ал ең жас спортшы алғашқы мерейтойын дәл жарыс жолында атап өтті.
Маусымдағы келесі ірі жарыс — 19 сәуірде өтетін Almaty Half Marathon. Оған 10 мың қатысушы келеді деген жоспар бар.
Ал 27 қыркүйекте алғашқы старттың 15 жылдығына арналған мерейтойлық Almaty Marathon ұйымдастырылады. Бағдарламада 10 шақырым, 10 шақырым (скандинавиялық серуен), 21,1 шақырым, 42,2 шақырым қашықтықтар және “Экиден” командалық эстафетасы бар.
Дәстүр бойынша бүгінгі жарыс жарналарының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.
Айта кетері, Winter Run жарысы "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті. Бүгінде Almaty Marathon және Almaty Half Marathon жарыстарына тіркелуге болады. Ал жарыстардың толық күнтізбесі almaty-marathon.kz сайтында жарияланған.
Бурабайда халықаралық мұзда жүгіру жарысы өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2026
Бурабайда әлемнің 11 мемлекеті қатысқан халықаралық мұзда жүгіру жарысы өтті
Жаңалықтар
0