https://sputnik.kz/20260214/burabayda-alemnin-11-memleketi-qatysqan-khalyqaralyq-muzda-zhugiru-zharysy-otti--61176050.html
Бурабайда әлемнің 11 мемлекеті қатысқан халықаралық мұзда жүгіру жарысы өтті
Бурабайда әлемнің 11 мемлекеті қатысқан халықаралық мұзда жүгіру жарысы өтті
Sputnik Қазақстан
Іс-шараға 700-ден астам қатысушы қатысты 14.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-14T20:25+0500
2026-02-14T20:25+0500
2026-02-14T20:26+0500
бурабай
жарыс
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0e/61173151_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_39176d5293fd32001d5131adecfc26ca.jpg
АСТАНА, 14 ақпан-Sputnik. Бурабай курортында BURABAY ICE - 2026 халықаралық мұзда жүгірум жарысы өтті. Іс-шара республика бойынша сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің Жапония, Перу, Косово сынды 11 мемлекеттің 700-ден аса қатысушысын біріктірді. Жарыс 7 км, 14 км және 21 км қашықтықта өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында 7 км қашықтықта скандинавиялық серуендеу басталды.Ерлер арасында 14 км қашықтықта бірінші орынды Жомарт Құмақбаев иеленді, ол 1 сағат 6 минутта нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында Флорида Минянова 1 сағат 27 минут нәтижесімен жеңімпаз атанды.Ерлер арасында 7 км қашықтықта Денис Степаненко бірінші болып 32 минутты аяқтады. Әйелдер арасында Алена Маймескулова 42 минутта қашықтықты бағындырып, жеңіске жетті.Іс-шараның негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және туристердің Ақмола облысына деген қызығушылығын арттыру, деп хабарлады туризм министрлігі. Сондай – ақ, ведомство BURABAY ICE-2026 халықаралық жарысы 2026 жылға арналған зәкірлік іс-шаралардың оқиға күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20260213/burabay-ice---2026-zharysyna-11-eldin-zhelayagy-qatysady-61149320.html
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0e/61173151_264:0:1224:720_1920x0_80_0_0_af5f4a3dc55e707efa5e68e270c107db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, жарыс
Бурабайда әлемнің 11 мемлекеті қатысқан халықаралық мұзда жүгіру жарысы өтті
20:25 14.02.2026 (жаңартылды: 20:26 14.02.2026) Іс-шараға 700-ден астам қатысушы қатысты
АСТАНА, 14 ақпан-Sputnik. Бурабай курортында BURABAY ICE - 2026 халықаралық мұзда жүгірум жарысы өтті.
Іс-шара республика бойынша сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің Жапония, Перу, Косово сынды 11 мемлекеттің 700-ден аса қатысушысын біріктірді.
Жарыс 7 км, 14 км және 21 км қашықтықта өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында 7 км қашықтықта скандинавиялық серуендеу басталды.
"Ерлер арасында 21 км қашықтықтағы жарыстың қорытындысы бойынша 1 сағат 42 минутта қашықтықты еңсерген Еркебай Әкім жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында Дана Айдосова 2 сағат 4 минуттың нәтижесімен үздік атанды", - деп хабарлады туризм индустриясы комитеті.
Ерлер арасында 14 км қашықтықта бірінші орынды Жомарт Құмақбаев иеленді, ол 1 сағат 6 минутта нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында Флорида Минянова 1 сағат 27 минут нәтижесімен жеңімпаз атанды.
Ерлер арасында 7 км қашықтықта Денис Степаненко бірінші болып 32 минутты аяқтады. Әйелдер арасында Алена Маймескулова 42 минутта қашықтықты бағындырып, жеңіске жетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және туристердің Ақмола облысына деген қызығушылығын арттыру, деп хабарлады туризм министрлігі.
Сондай – ақ, ведомство BURABAY ICE-2026 халықаралық жарысы 2026 жылға арналған зәкірлік іс-шаралардың оқиға күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті.