Оқу-ағарту министрлігі форумдар мен жиындарды қысқартуға кірісті

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев выступил на Форуме волонтеров в Астане
Касым-Жомарт Токаев выступил на Форуме волонтеров в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Жазылу
Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, министрлік шығындарды азайтуға кірісті.
"Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады", - дейді министрлікте.
Бұған қоса кездесуде өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды.
Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауда болуы керектігін жеткізді. Өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді. Ата-аналармен кері байланыс орнату мектептегі қауіпсіздік экожүйесінің ажырамас бөлігі екенін еске салды.
Оқу-ағарту министрлігінің мамандары үй аралап жүр - ведомство мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Оқу-ағарту министрлігінің "мамандары" үй аралап жүр - ведомство мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0