Оқу-ағарту министрлігінің "мамандары" үй аралап жүр - ведомство мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрлігінің "мамандары" үй аралап жүр - ведомство мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту министрлігінің мамандары үй аралап жүр - ведомство мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Жазылу
Белгісіз адамдардың министрлік атынан үй аралағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Оқу-ағарту министрлігінің атынан белгісіз адамдар үй аралап жүр. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Желіде өздерін министрлік қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап жүрген видеосы тарады. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарып, ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке деректер немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдеді.
"Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен деректер талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ. Олардың алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеміз. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес", - дейді Оқу-ағарту министрлігі.
Министрлік мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды, ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруді ескертті.
Комфортная школа в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Оқу-ағарту министрлігі оқушының пышақталуына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар
0