https://sputnik.kz/20251021/oqu-agartu-ministrligi-oqushynyn-pyshaqtaluyna-qatysty-tusinikteme-berdi-58065474.html
Оқу-ағарту министрлігі оқушының пышақталуына қатысты түсініктеме берді
Оқу-ағарту министрлігі оқушының пышақталуына қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Мектеп әкімшілігі іс-әрекетіне және әрекетсіздігіне құқықтық әрі басқарушылық баға берілед 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T08:00+0500
2025-10-21T08:00+0500
2025-10-21T08:00+0500
пышақ жарақаты
оқушы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533861_0:110:1171:769_1920x0_80_0_0_753531a4fe8845c33a4a0ef3d54a57b7.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Батыс Қазақстан облысындағы мектепте оқушының пышақталуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Насымжан Оспанова зардап шеккен оқушыға медициналық көмек көрсетілгенін, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты екенін атап өтті.Оның айуынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Қол жұмсаған жасөспірім ұсталып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Барлық тарапқа облыстық психологиялық әдістемелік орталық мамандары психологиялық көмек көрсетуде. Бүгін ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттары өтеді.Мектепте психологиялық ахуалды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мектеп әкімшілігі іс-әрекетіне және әрекетсіздігіне құқықтық әрі басқарушылық баға беріледі.Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады. Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті – кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533861_0:0:1171:878_1920x0_80_0_0_7017227328161f4ea0d3813e6fec526f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пышақ жарақаты, оқушы, мектеп
пышақ жарақаты, оқушы, мектеп
Оқу-ағарту министрлігі оқушының пышақталуына қатысты түсініктеме берді
Мектеп әкімшілігі іс-әрекетіне және әрекетсіздігіне құқықтық әрі басқарушылық баға берілед
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Батыс Қазақстан облысындағы мектепте оқушының пышақталуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Насымжан Оспанова зардап шеккен оқушыға медициналық көмек көрсетілгенін, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты екенін атап өтті.
"Оқиға орнында білім басқармасының мобильді тобы жұмыс істеп жатыр, оның құрамында өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл де бар. Мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру шаралары жүргізілуде", - дейді комитет төрағасы.
Оның айуынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалды. Қол жұмсаған жасөспірім ұсталып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Барлық тарапқа облыстық психологиялық әдістемелік орталық мамандары психологиялық көмек көрсетуде. Бүгін ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттары өтеді.
Мектепте психологиялық ахуалды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мектеп әкімшілігі іс-әрекетіне және әрекетсіздігіне құқықтық әрі басқарушылық баға беріледі.
"Бұл — жай ғана кикілжің емес, бұл екі жасөспірімнің тағдырына таңба түсірген оқиға, яғни ересектердің назарынан тыс қалған жағдай. Жасөспірімнің агрессиясына ерік беріп, өз-өзіне ие бола алмау орны толмас қайғыға ұласпауға тиіс. Баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне, мектептегі моральдық және психологиялық ортаға жауапкершілік — бәрімізге ортақ міндет. Бұл жауапкершіліктен ешкімнің, соның ішінде лауазымды тұлғалардың да бойын аулақ салуға құқығы жоқ", - деп түйіндеді Оспанова.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын
пышақтап тастады. Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті – кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылады.