Оралда оқушы қатарласын пышақтады

© Sputnik / Абзал КалиевҚолдағы пышақ
Қолдағы пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті — кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеуді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Атырауда әйел полиция қызметкерін пышақтады
Жаңалықтар
0