Атырауда әйел полиция қызметкерін пышақтады

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолиция қызметкері
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Атырау қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 16 қазанда сағат 20:50 шамасында болған. Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал болған. Оқиға орнына барған екі полиция қызметкерінің бірі пышақ жарақатын алған.

"Құқық бұзушы ер адамды полиция бөліміне жеткізу кезінде пәтерде болған оның әйелі – мас күйінде – кенеттен учаскелік инспекторлардың бірінің арқа тұсына ас үй пышағымен жарақат салған. Әріптесінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді", - дейді ведомстводағылар.

Жарақат алған полиция қызметкері Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Қылмыс құралы – ас үй пышағы тәркіленді, дейді полициядағылар.
"Күдіктінің іс-әрекеті полиция қызметкерлерінің бейнежетонына жазылған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді департаменттегілер.
Адам қолындағы пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Семейде көшеде ер адамды пышақтап кетті
Жаңалықтар
0