Кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауысады - салықшылар ескертуі

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги
Человек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Жазылу
Кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне ауысу үшін 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті осы айдың соңына дейін салық режимін таңдау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Бұған дейін арнайы салық режимдерін қолданып келген кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне ауысу үшін 2026 жылдың 1 наурызына дейін салық режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.
"Ал оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін үшін хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер жеке кәсіпкер ретінде салық органында есептен автоматты түрде шығарылады", - дейді салықшылар.
Ондай кәсіпкерлер жалпыға бірдей режимге ауыстырылады. Ал салық төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны жіберу жолдары:
"Салық төлеушінің кабинеті" арқылы "Құжат жіберу" бөлімінде "Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама" формасын электронды-цифрлық қолтаңбамен растау;
E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында өтінім жазу арқылы.
Депутаты мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Салық реформасы: өзін-өзі жұмыспен қамтыған 187 мыңнан астам адам "көлеңкеден" шықты
Жаңалықтар
0