Салық реформасы: өзін-өзі жұмыспен қамтыған 187 мыңнан астам адам "көлеңкеден" шықты

Депутаты мажилиса
Депутаты мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Жазылу
Қазақстанда салық жүйесіне тіркелген азаматтар мен бизнес саны артып келеді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Үкіметте жаңа салықтық әкімшілендіру аясында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шараны премьер-министр Олжас Бектенов өткізді, оған бизнес өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына қолайлы көшуіне жағдай жасалып жатыр. Осылайша, үкіметтің шешімімен шағын және микробизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.
"Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтар мен бизнес субъектілерінің салық жүйесінде тіркелуі артып келеді. Жыл басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа режим бұрын есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды.
Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтілуде. 2025 жылы қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 365 млрд теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды.
Киберпреступность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2026
Салық органдары азаматтарға ескерту жасады
Жаңалықтар
0