Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс орындары жыл бойы жұмыс істейді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото отдыхающих на Иссык-Куле
Архивное фото отдыхающих на Иссык-Куле - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс орындары жыл бойы жұмыс істейді. Қырғызстанмен арадағы келісімге осындай талап енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ыстықкөлдің жағасындағы "Қазақстан" шипажайы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарайды. Медициналық орталық басшысының орынбасары Орынкүл Қазиеваның айтуынша, 1962 жылы салынған шипажай жылына екі ай - шілде мен тамызда ғана жұмыс істеген.
"Ал қазіргі жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін шипажай жыл бойы жұмыс істейді. Ол жерде сауықтыру шаралары ғана емес, спорттық жиындар да өткізуге мүмкіндік болады. Ол үшін бізде бес спорттық алаң, бассейн бар",-деді Қазиева сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары биылғв жылдың соңында аяқталады. Оған республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді. Ал шипажай аумағындағы Дінмұхамед Қонаевтың саяжайы тарихи-мәдени мұра болып қалады, ол жерде мұражай-үй ашылады.
Көлдің жағасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт-сауықтыру лагері жаңартылады. Бұдан бөлек, "Самал" демалыс үйі мен "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы бой көтереді. Барлық жұмыс алдағы екі-үш жылдың ішінде аяқталады. Оған инвесторлар есебінен 26,7 млрд теңге жұмсалады. Келісімнің тағы бір талабына сәйкес, қонақ үйлер 3 және 4 жұлдызды болуы шарт.
Қырғызстан барлық нысан үшін 58,8 гектар жерді 49 жылға жалға беріп отыр.
Озеро Иссык-Куль с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2026
Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс нысандарына 35,7 млрд теңге жұмсалады
Жаңалықтар
0