https://sputnik.kz/20260212/qazaqstannyn-ystyq-koldegi-demalys-nysandaryna-357-mlrd-tenge-zhumsalady-61100595.html
Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс нысандарына 35,7 млрд теңге жұмсалады
Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс нысандарына 35,7 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Ыстықкөл жағасындағы демалыс нысандарын 2029 жылдың соңына дейін жөндеп, 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуі керек 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T11:03+0500
2026-02-12T11:03+0500
2026-02-12T12:39+0500
ыстықкөл
қазақстан
демалыс орындары
демалыс күндері
демалыс базасы
демалыс
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17319027_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_0b34c01788f5ec8987e514eff9dc5436.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстанның Ыстықкөлдегі курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімдегі түзетулерге сәйкес, Қазақстан Ыстықкөл жағасындағы демалыс нысандарын 2029 жылдың соңына дейін жөндеп, 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуі керек. Нысандар жазда ғана емес, жыл бойы жұмыс істеуге тиіс. Ал объектілерді салу және пайдалану кезінде де жұмыс күшінің кемінде 80 проценті Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан тартылуы шарт.Жалпы, төрт нысанды жаңғыртуға барлығы 35,7 млрд теңге жұмсалады.Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың айтуынша, төрт нысанның ішінде тек "Қазақстан" шипажайын жаңғыртуға бюджеттен 9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қалған нысандар инвесторлардың есебінен жөнделеді.Ыстық көлдің жағасында жөнделетін нысандар:Айта кетері, демалыс нысандары орналасқан жер учаскелері Қазақстанға 49 жылға жалға беріледі.
ыстықкөл
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17319027_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_7ecbe2de1792b59d2b7d5079c35bb936.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ыстықкөл, қазақстан, демалыс орындары, демалыс күндері, демалыс базасы, демалыс
ыстықкөл, қазақстан, демалыс орындары, демалыс күндері, демалыс базасы, демалыс
Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс нысандарына 35,7 млрд теңге жұмсалады
11:03 12.02.2026 (жаңартылды: 12:39 12.02.2026) Қазақстан Ыстықкөл жағасындағы демалыс нысандарын 2029 жылдың соңына дейін жөндеп, 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуі керек
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстанның Ыстықкөлдегі курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімдегі түзетулерге сәйкес, Қазақстан Ыстықкөл жағасындағы демалыс нысандарын 2029 жылдың соңына дейін жөндеп, 3 және 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізуі керек. Нысандар жазда ғана емес, жыл бойы жұмыс істеуге тиіс. Ал объектілерді салу және пайдалану кезінде де жұмыс күшінің кемінде 80 проценті Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан тартылуы шарт.
Жалпы, төрт нысанды жаңғыртуға барлығы 35,7 млрд теңге жұмсалады.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың айтуынша, төрт нысанның ішінде тек "Қазақстан" шипажайын жаңғыртуға бюджеттен 9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қалған нысандар инвесторлардың есебінен жөнделеді.
Ыстық көлдің жағасында жөнделетін нысандар:
1.
"Қазақстан" шипажайына - 9 млрд теңге;
2.
"Самал" демалыс үйіне - 10 млрд теңге (Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне қарасты нысан);
3.
"Олимп" спорт-сауықтыру орталығына - 3,7 млрд теңге (Туризм және спорт министрлігіне қарасты нысан);
4.
"Университет" спорт-сауықтыру лагеріне - 13 млрд теңге (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты нысан).
Айта кетері, демалыс нысандары орналасқан жер учаскелері Қазақстанға 49 жылға жалға беріледі.