https://sputnik.kz/20260212/batys-qazaqstanda-bukhgalter-kasiporynnyn-118-mln-tengesin-baske-tikken-61106560.html
Батыс Қазақстанда бухгалтер кәсіпорынның 118 млн теңгесін бәске тіккен
Батыс Қазақстанда бухгалтер кәсіпорынның 118 млн теңгесін бәске тіккен
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ ол ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T14:18+0500
2026-02-12T14:18+0500
2026-02-12T14:18+0500
батыс қазақстан облысы
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде бухгалтер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды букмекерлік кеңседе бәске тіккен. Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.Еске сала кетсек, былтыр Батыс Қазақстан облысында букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.
https://sputnik.kz/20250225/aqshany-bas-tiguge-zhumsagan-25-zhastagy-zhigit-tanystaryn-78-mln-tengege-aldady-51144657.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, кәсіпорын
батыс қазақстан облысы, кәсіпорын
Батыс Қазақстанда бухгалтер кәсіпорынның 118 млн теңгесін бәске тіккен
Сондай-ақ ол ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде бухгалтер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды букмекерлік кеңседе бәске тіккен. Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.
"Мемлекетке 118 млн теңге залал келтірілген. Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр", - дейді прокуратура.
Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.
Еске сала кетсек, былтыр Батыс Қазақстан облысында букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.