Ақшаны бәс тігуге жұмсаған: 25 жастағы жігіт таныстарын 78 млн теңгеге алдады

Здание СИЗО-72 в Алматы
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.
25 жастағы жігіт 2023 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының азаматтарын түрлі айламен алдап келген.
"Күдікті техника мен автокөлік сатып алу, ұялы телефон сату, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сияқты желеулерді пайдаланып, адамдарды сеніміне кірген. Мәселен, 2023 жылдың қазан айында ол Орал қаласының бір тұрғынын тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен 4 миллион теңгеден астам қаржыға алдап кеткен", - дейді ведомство.
Сондай-ақ тағы бір қала тұрғынды тұрмыстық техника жеткізіп беремін деп, 4,5 миллион теңгеден астам шығынға батырған.
"Тергеу барысында алаяқтың құрбандары негізінен өз таныстары екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 78 миллион теңгеден асады", - дейді полиция.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, өз кінәсін мойындады. Ол алдап алған қаражаттың басым бөлігін бәс тігуге жұмсағанын айтқан.
Жаңалықтар
0