https://sputnik.kz/20260211/putin-biyl-qazaqstanga-saparmen-keledi-dep-zhosparlanyp-otyr--resey-elshisi-61068815.html
Путин биыл Қазақстанға сапармен келеді деп жоспарланып отыр – Ресей елшісі
Путин биыл Қазақстанға сапармен келеді деп жоспарланып отыр – Ресей елшісі
Sputnik Қазақстан
Бородавкин екі ел басшыларының ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды нығайтудағы рөлі туралы айтты 11.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-11T08:30+0500
2026-02-11T08:30+0500
2026-02-11T08:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59792682_12:85:1280:798_1920x0_80_0_0_2f0b0ca480e6dee5627a426fad0a2894.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың қарашасында Ресейге жасаған сапары Ресей мен Қазақстан арасындағы ерекше достық қарым-қатынасты паш етті, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.Оның айтуынша, Кремльдегі президенттердің кездесуі толықтай бейресми форматта өтті.Мемлекет басшылары қол қойған "Жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық туралы декларация" екіжақты қатынастың барлық бағытын нақты мазмұнмен толықтырды, деп атап өтті елші.Алексей Бородавкиннің айтуынша, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық саласында жаңа жетістіктер мен табыстарға қол жеткізілген."Биыл біздің президенттің жауап сапары жоспарланып отыр. Әзірге нақты күндері белгіленген жоқ, бірақ мұндай сапар міндетті түрде өтеді. Басшыларымыздың алдында есеп беретін мәселелер жеткілікті деп санаймын", – деді ол.
https://sputnik.kz/20251222/bizde-birde-bir-dauly-masele-zhoq-toqaev-pen-putin-kezdesti-59820357.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59792682_73:60:1214:915_1920x0_80_0_0_f83dd85a86e3e3a97ea72314d6c9ad23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
Путин биыл Қазақстанға сапармен келеді деп жоспарланып отыр – Ресей елшісі
Бородавкин екі ел басшыларының ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды нығайтудағы рөлі туралы айтты
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың қарашасында Ресейге жасаған сапары Ресей мен Қазақстан арасындағы ерекше достық қарым-қатынасты паш етті, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Кремльдегі президенттердің кездесуі толықтай бейресми форматта өтті.
"Үш сағат бойы Кремльдегі біздің президенттің пәтерінде екеуі оңаша әңгімелесті. Сапардың атмосферасы айрықша жылы әрі достық сипатта болды", – деді Алексей Бородавкин.
Мемлекет басшылары қол қойған "Жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық туралы декларация" екіжақты қатынастың барлық бағытын нақты мазмұнмен толықтырды, деп атап өтті елші.
"Бұл – сыртқы саясат, әскери-техникалық ынтымақтастық. Әрине, сауда, экономика, инвестициялар, сондай-ақ білім беру, мәдениет, өнер және басқа да гуманитарлық байланыстардың толық кешені қамтылды. Біз осы тарихи құжатта көрсетілген тапсырмаларды орындауға кірістік және оны жүзеге асыруда табысты алға жылжып келеміз", – деді елші.
Алексей Бородавкиннің айтуынша, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық саласында жаңа жетістіктер мен табыстарға қол жеткізілген.
"Биыл біздің президенттің жауап сапары жоспарланып отыр. Әзірге нақты күндері белгіленген жоқ, бірақ мұндай сапар міндетті түрде өтеді. Басшыларымыздың алдында есеп беретін мәселелер жеткілікті деп санаймын", – деді ол.