https://sputnik.kz/20251222/bizde-birde-bir-dauly-masele-zhoq-toqaev-pen-putin-kezdesti-59820357.html
"Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ": Тоқаев пен Путин кездесті
"Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ": Тоқаев пен Путин кездесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T19:13+0500
2025-12-22T19:13+0500
2025-12-22T19:18+0500
қасым-жомарт тоқаев
еаэо
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59820335_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_b40e30a27dae0291fb6a3ce13497a863.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесті, деп хабарлады Ақорда."Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді", – деді Қазақстан президенті.Ол 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өткенін атап өтті.Ал Владимир Путин кешеден бері біраз жұмыс атқарылғанын айтты."Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ". – деді Ресей президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59820335_163:0:1135:729_1920x0_80_0_0_835c6d674714b3c91df90a51c42070ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, еаэо, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, еаэо, владимир путин
"Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ": Тоқаев пен Путин кездесті
19:13 22.12.2025 (жаңартылды: 19:18 22.12.2025) Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесті, деп хабарлады Ақорда.
"Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді", – деді Қазақстан президенті.
Ол 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өткенін атап өтті.
"Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді", – деді мемлекет басшысы.
Ал Владимир Путин кешеден бері біраз жұмыс атқарылғанын айтты.
"Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ". – деді Ресей президенті.