Мәжіліс депутатының өкілеттілігі тоқтатылды

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
Қошанов бұрынғы депутатқа алғыс хат табыстады
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.
Бүгін мәжіліс өкілдері тиісті қаулыны бірауыздан қабылдады. Ал спикер Ерлан Қошанов бұрынғы депутатқа алғыс хат табыстады.
Бейсенбаев мәжіліс мінберіне тағы бір рет шығып, әріптестеріне ризашылығын білдірді.
"Мәжіліс мінберіндегі 5 жылдық қызмет мен үшін үлкен саяси мектеп болды. Толассыз тәжірибе мен шынайы мемлекетшіл әрі отаншыл болуды осы мінберден үйрендім. Мен сіздерден әрбәр істе байыпты, байсалды, ең бастысы, мемлекеттік позициядан шешім қабылдауды үйрендім. Барлығыңызға шынайы алғысымды білдіремін", - деді Бейсенбаев.
Депутат мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Тоқаев мәжіліс депутатын жаңа қызметке тағайындады
Жаңалықтар
0