https://sputnik.kz/20260209/toqaev-beysenbaevty-zhana-qyzmetke-tagayyndady-61028193.html
Тоқаев мәжіліс депутатын жаңа қызметке тағайындады
Тоқаев мәжіліс депутатын жаңа қызметке тағайындады
Sputnik Қазақстан
09.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-09T09:09+0500
2026-02-09T09:09+0500
2026-02-09T09:21+0500
депутат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52346168_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8c28eab08cc6a1539942042be2aa2994.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.Бұған дейін бұл қызметті Тоқаевтың баспасөз хатшысы болған Айбек Смадияров атқарған болатын.Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Еңбек жолын "Жастар үні" Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды.2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2019 жылы елорда әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты. 2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз - "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы. 2023 жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін - сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының жетекшісі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52346168_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_57c32eb5901374644fdd68999d636664.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, қасым-жомарт тоқаев
депутат, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Тоқаевтың баспасөз хатшысы болған Айбек Смадияров атқарған болатын.
Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын "Жастар үні" Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды.
2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2019 жылы елорда әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз - "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы. 2023 жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін - сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының жетекшісі.