Конституцияның жаңа жобасын референдумға шығаруға болады - комиссия

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйдос Сарым
Айдос Сарым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
Депутат комиссия мүшелерінің республикалық штаб құрып, барлық өңірге шығуға дайын екенін де мәлімдеді
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, депутат Айдос Сарым Конституцияның жаңа жобасы дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссияның бүгінгі отырысында Сарым барлық әріптесіне алғысын айтып, Конституциның жаңа жобасын асықпай оқыған адам, тіпті, сыншылар да прогресті көре алатынын жеткізді.
"Мен өздеріңіз сияқты үлкен әрі көп еңбекті талап ететін жұмыстың атқарылғанын айта аламын. Біз өз еңбегімізбен мақтана аламыз. Меніңше, Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы тарихи факт пен саясат факторы ретінде іске асты. Оны осы күйінде президентке жалпыхалықтық референдумға шығару үшін ұсынуға болады", - деді Сарым.
Сондай-ақ, депутат комиссия мүшелерінің республикалық штаб құрып, барлық өңірге шығуға дайын екенін де мәлімдеді.
Конституция Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Жаңалықтар
0