https://sputnik.kz/20260211/konstitutsiyanyn-zhana-zhobasy-prezidentke-zhiberiledi-61083625.html
Конституцияның жаңа жобасы президентке жіберіледі
Конституцияның жаңа жобасы президентке жіберіледі
Sputnik Қазақстан
Комиссия мүшелерінің басым бөлігі Конституцияның жаңа жобасын референдумға шығаруды қолдап отыр 11.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-11T16:01+0500
2026-02-11T16:01+0500
2026-02-11T17:20+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
президент
реформа
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24625846_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_71b82bc71ce49e52aa518c410a1f9351.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрағасы Эльфира Әзімова Конституцияның жаңа жобасы президентке жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін комиссияның он екінші отырысы өтті. Әзімованың айтуынша, комиссия мүшелерінің басым бөлігі Конституцияның жаңа жобасын референдумға шығаруды қолдап отыр. Азаматтық қоғам тарапынан да ондай қолдау бар.Оның айтуынша, мемлекет басшысы референдум өткізуге шешім қабылдаған жағдайда конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның миссиясы өз мәресіне жетті деп санауға болады."Бірақ комиссия мүшелері өз жұмысын ары қарай жалғастырады. Ол туралы бүгін біраз сарапшылар айтып кетті. Халықпен кездесулер жалғасатын болады", - дейді Әзімова.Ал жаңа Ата заңның жобасы Конституциялық сот сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
https://sputnik.kz/20260211/konstitutsiyanyn-zhana-zhobasyn-referendumga-shygaruga-bolady---komissiya-61081860.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24625846_570:0:2818:1686_1920x0_80_0_0_2939a4bf7b233365705d15f784145082.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , президент, реформа
қазақстанның жаңа конституциясы , президент, реформа
Конституцияның жаңа жобасы президентке жіберіледі
16:01 11.02.2026 (жаңартылды: 17:20 11.02.2026) Комиссия мүшелерінің басым бөлігі Конституцияның жаңа жобасын референдумға шығаруды қолдап отыр
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрағасы Эльфира Әзімова Конституцияның жаңа жобасы президентке жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін комиссияның он екінші отырысы өтті. Әзімованың айтуынша, комиссия мүшелерінің басым бөлігі Конституцияның жаңа жобасын референдумға шығаруды қолдап отыр. Азаматтық қоғам тарапынан да ондай қолдау бар.
"Комиссия президент жанындағы консультативтік орган болғандықтан, көпшілік пікірін ескере отырып, мемлекет басшысына пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын. Референдум әрбір Қазақстан азаматына жаңа Конституция жобасы бойынша өз ойын білдіруге, конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді Әзімова комиссияның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы референдум өткізуге шешім қабылдаған жағдайда конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның миссиясы өз мәресіне жетті деп санауға болады.
"Бірақ комиссия мүшелері өз жұмысын ары қарай жалғастырады. Ол туралы бүгін біраз сарапшылар айтып кетті. Халықпен кездесулер жалғасатын болады", - дейді Әзімова.
Ал жаңа Ата заңның жобасы Конституциялық сот сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.