Президент кейбір басшылардың әрекеті жақсылыққа апармайтынын айтты

© Photo : пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел расширенное заседание правительства
Касым-Жомарт Токаев провел расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардың кадрлық саясатын өзгерту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, ондай компанияларда басқарушы кадрлар көп.
"Сіздер оларды көріп жүрсіздер. Ондай адамдар түскі уақытта қонақ үйлерде отырады, пікір алысады, шай-кофе ішеді және тағысын тағы. Ашығын айту керек, олардың жұмысы артылып жатқан жоқ, кей кезде түк істемегеннен қиналады. Содан желіден шықпай отырады. Тіпті, күмәнді дискуссияларға да қатысады. Олар өзі алдағы референдумға бара ма, жоқ па? Өз дауысын қалай береді. Ол да бөлек мәселе. Мен бәрін білемін және түсініп отырмын. Ашық айтайын, бұның барлығы жақсылыққа апармайды", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жұмысын бағалаудың негізгі көрсеткішін атады.
"Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз "жол карталарын" әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады", - деді Тоқаев.
Айта кетері, бүгінгі отырыста Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге кітапты көбірек оқуға кеңес берді.
Жаңалықтар
0