Менің сұхбатымды бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді – Тоқаев

© Photo : пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел расширенное заседание правительства
Касым-Жомарт Токаев провел расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Жазылу
Президент мемлекеттік қызметкерлеге көбірек оқуға кеңес берді
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге кітапты көбірек оқуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жазалаушы менталитеттен арылатын кез келгенін тағы бір мәрте еске салды. Атап айтқанда, салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік және өзара сенім қағидаты орнығуға тиіс.
Мұндай серіктестік әділдікке, өзара тиімділікке, тіпті экономиканы дамытудың маңыздылығына негізделуі керек.
"Бұл жөнінде жақында "Turkistan" газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтінді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар",- деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін салық және кеден жүйесін басқарудың цифрлық тәсілін енгізу қажет. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет.
"Сонымен қатар Ұлттық тауарлар каталогы мен Отандық тауар өндірушілері реестрін жедел іске қосып, тауарларды цифрлық таңбалау жүйесін кеңейткен жөн. Бірақ тауар таңбалауды жоспарланған өндіріске зиянын тигізбей жасау керек", - деп атап өтті Тоқаев.
Жаңалықтар
0