Қазақстанда ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды - Балаева

© Sputnik / Санат ИмангалиевБрифинг в правительстве Казахстана
Брифинг в правительстве Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2026
Жазылу
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтіп жатыр.
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанда ешкім тегін білім мен медициналық көмек алу құқығынан айырылмайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының отырысында Балаева әлеуметтік желіде жаңа Конституция мемлекеттің білім мен медицина саласындағы әлеуметтік міндеттемелерін қысқартады деген жаңсақ пікір таралып жатқанын айтты.

"Жаңа Конституция жобасының преамбуласында және бірінші бабында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты және айқын жазылған. Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды", - деді Балаева.

Ол "тегін" деген ұғымның "азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақысыз медициналық көмек алуға құқығы бар" деген құқықтық тұжырыммен алмасқанын атап өтті. Яғни, азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді, деді Балаева.
"Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бөлінеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Конституция Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Жаңалықтар
0