https://sputnik.kz/20260207/oblys-tarikhynda-algash-ret-tarazda-bir-zhastagy-balaga-kurdeli-ota-zhasaldy-61006937.html
Облыс тарихында алғаш рет: Таразда бір жастағы балаға күрделі ота жасалды
Облыс тарихында алғаш рет: Таразда бір жастағы балаға күрделі ота жасалды
Sputnik Қазақстан
Бұл — медициналық пластиналар қолданылған реконструктивті краниотомия 07.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-07T14:20+0500
2026-02-07T14:20+0500
2026-02-07T14:20+0500
тараз
операция
аурухана
https://sputnik.kz/img/07ea/02/07/61007493_0:463:1200:1138_1920x0_80_0_0_2f7763a473f3e5c19f8f1f3e21316fbd.jpg
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бір жастағы балаға күрделі ота жасалды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Облыс тарихында алғаш рет бас сүйек сүйектерін жалғап тұратын жіктердің мерзімінен бұрын бітуінен туындайтын дерт — синостоздық плагиоцефалияға байланысты күрделі жоғары технологиялық ота сәтті жасалды. Бұл — медициналық пластиналар қолданылған реконструктивті краниотомия.Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы Мирдас Мурадовтың айтуынша, мұндай диагноз кезінде баланың бас пішіні қисайып, мидың қалыпты өсуі мен дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан дер кезінде жасалған хирургиялық ем — ең тиімді әрі қажетті тәсіл.Хирургиялық араласу барысында бас сүйек сүйектері толық қайта қалыпқа келтіріліп, бастың дұрыс пішіні мен көз ұяларының орналасуы заманауи медициналық пластиналардың көмегімен түзетілді.
https://sputnik.kz/20250802/almatyda-darigerler-birden-24-balaga-operatsiya-zhasady-56117292.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/07/61007493_0:350:1200:1250_1920x0_80_0_0_81056c54626dc124da9ecd65899547f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, операция, аурухана
тараз, операция, аурухана
Облыс тарихында алғаш рет: Таразда бір жастағы балаға күрделі ота жасалды
Бұл — медициналық пластиналар қолданылған реконструктивті краниотомия
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бір жастағы балаға күрделі ота жасалды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Облыс тарихында алғаш рет бас сүйек сүйектерін жалғап тұратын жіктердің мерзімінен бұрын бітуінен туындайтын дерт — синостоздық плагиоцефалияға байланысты күрделі жоғары технологиялық ота сәтті жасалды. Бұл — медициналық пластиналар қолданылған реконструктивті краниотомия.
"Науқас — бір жасар бала. Операция республикалық мамандандырылған орталықтарға жолдамасыз-ақ облыстық балалар ауруханасының базасында жасалды. Бұған дейін мұндай туа біткен күрделі патологияларға хирургиялық көмек еліміздің ірі клиникаларында ғана көрсетілетін", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы Мирдас Мурадовтың айтуынша, мұндай диагноз кезінде баланың бас пішіні қисайып, мидың қалыпты өсуі мен дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан дер кезінде жасалған хирургиялық ем — ең тиімді әрі қажетті тәсіл.
Хирургиялық араласу барысында бас сүйек сүйектері толық қайта қалыпқа келтіріліп, бастың дұрыс пішіні мен көз ұяларының орналасуы заманауи медициналық пластиналардың көмегімен түзетілді.