Алматыда дәрігерлер бірден 24 балаға операция жасады

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматыда дәрігерлер бірден 24 балаға операция жасады
Алматыда дәрігерлер бірден 24 балаға операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Жазылу
Мастер-кластың бірнеше күнінде дәрігерлер еліміздің түрлі өңірлерінен келген 38 баланы қарап шықты
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында балалар артроскопиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан мен Ресейден келген жоғары дәрежелі мамандар тізе буынының қызметін қалпына келтіруге бағытталған 10 күрделі араласуды қоса алғанда, 24 операцияны орындап, тірек-қимыл аппаратының ауыр патологиясы бар балаларға көмек көрсетті.
"Мастер-кластың бірнеше күнінде дәрігерлер еліміздің түрлі өңірлерінен, соның ішінде Шымкент, Тараз, Талдықорған, Ақтау, Атырау және Қызылордан келген 38 баланы қарап шықты", - деп жазылған хабарламада.
Мастер-кластың негізгі сарапшысы ретінде жоғары санатты дәрігер, Санкт-Петербург педиатриялық медицина университетінің балалар ортопедиясы бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Авраменко қатысты.
Оның қатысуы хирургиялық араласуды ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мамандармен клиникалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
"Біз балалар артроскопиясы саласындағы құзыреттер орталығы болуға және Қазақстанның түкпір-түкпірінен пациенттерді қабылдауға дайынбыз", - деді орталықтың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, балалар хирургі Мейіржан Құрманалиев.
Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиге бірегей ота жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Ісік дегені - ми болып шықты: Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиге бірегей ота жасады
Жаңалықтар
0