https://sputnik.kz/20260207/astanada-arnayy-operatsiya-kezinde-pater-urlygymen-aynalysqandar-ustaldy-61014217.html
Астанада арнайы операция кезінде пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Астанада арнайы операция кезінде пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Астанада полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп... 07.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-07T18:44+0500
2026-02-07T18:44+0500
2026-02-07T18:44+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Астанада полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, елордада арнайы операция жүргізіп, Қарағанды қаласының аумағында жасалған бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Іздестіру шаралары барысында 6 ақпанда Астана қаласындағы Москва көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам ұсталды. Сол күні Төле би көшесінде оның сыбайласы болуы мүмкін тағы бір күдікті — 46 жастағы ер адам да ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес ақпан айының басында күдіктілер Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты және 200 АҚШ долларын жымқырған.Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгені құрайтын қаражат, түрлі телефондар, сондай-ақ бүктелмелі пышақтар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталғандардың Қарағанды қаласы аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://sputnik.kz/20240523/uqk-arnayy-operatsiya-otkizdi--terrorizmdi-nasikhattagan-er-adam-ustaldy-44497654.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Астанада арнайы операция кезінде пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Астанада полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, елордада арнайы операция жүргізіп, Қарағанды қаласының аумағында жасалған бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Іздестіру шаралары барысында 6 ақпанда Астана қаласындағы Москва көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам ұсталды. Сол күні Төле би көшесінде оның сыбайласы болуы мүмкін тағы бір күдікті — 46 жастағы ер адам да ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес ақпан айының басында күдіктілер Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты және 200 АҚШ долларын жымқырған.
Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгені құрайтын қаражат, түрлі телефондар, сондай-ақ бүктелмелі пышақтар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталғандардың Қарағанды қаласы аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.