ҰҚК арнайы операция өткізді – терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстанда терроризм идеясын насихаттағаны үшін облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми хабарламасына сілтеме жасап.
Арнайы прокуратура органдарының үйлестіруімен өтті. Жергілікті полиция да көмектесті.
"Облыс тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу кезінде заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі (Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0