https://sputnik.kz/20260206/aqmola-turgyny-tanysynyn-atynan-sms-zhazgan-alayaqqa-aldanyp-qaldy-60986917.html
Ақмола тұрғыны танысының атынан SMS жазған алаяққа алданып қалды
Ақмола тұрғыны танысының атынан SMS жазған алаяққа алданып қалды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші банк депозитінде жатқан бір миллион теңгеге жуық ақшасын "қарызға" берген 06.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-06T22:14+0500
2026-02-06T22:14+0500
2026-02-06T22:14+0500
ақмола облысы
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_0:0:2885:1623_1920x0_80_0_0_697d27ae71b3c57c83a45c04f1669e25.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысты жедел ашып, өңір тұрғынына 950 мың теңгесін қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды облыстық полиция.Қаңтар айының соңында әйелге танысы хабарлама жазып, шұғыл қарызға ақша сұраған. Ақмола тұрғыны банк депозитінде жатқан бір миллион теңгеге жуық ақшаны аударған.Тергеу полиция жедел капитаны Әлия Тәшімоваға тапсырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкері ақша аударылған банктік шоттың иесін анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.Полиция қызметкері дереу ер адаммен байланысып, оған жағдайды түсіндіріп, ұрланған қаражатты аударуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға байланысты заңсыз қаржылық операцияларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.Әңгімеден кейін ер адам Ерейментау ауданының полиция бөліміне келіп, шотына ақша түскенін растады. Жағдайдың құқықтық салдарын түсінген ол келтірілген залалды өз еркімен толық көлемде өтеді. Ақшалай қаражат заңды иесіне қайтарылды.
https://sputnik.kz/20251128/zhetisu-oblysynda-40-mln-tengeden-astam-somaga-nesie-rasimdegen-alayaq-sottaldy-59186881.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_1050a7b0220a644d84c757cdc674c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, алаяқ, алаяқтық
ақмола облысы, алаяқ, алаяқтық
Ақмола тұрғыны танысының атынан SMS жазған алаяққа алданып қалды
Жәбірленуші банк депозитінде жатқан бір миллион теңгеге жуық ақшасын "қарызға" берген
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысты жедел ашып, өңір тұрғынына 950 мың теңгесін қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды облыстық полиция.
Қаңтар айының соңында әйелге танысы хабарлама жазып, шұғыл қарызға ақша сұраған. Ақмола тұрғыны банк депозитінде жатқан бір миллион теңгеге жуық ақшаны аударған.
"Алайда біраз уақыттан кейін танысының аккаунты бұзылғаны, хабарламаны алаяқтар жібергені белгілі болды. Қылмыстық схеманың құрбаны болғанын түсінген әйел бірден полицияға жүгінді", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу полиция жедел капитаны Әлия Тәшімоваға тапсырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкері ақша аударылған банктік шоттың иесін анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.
Полиция қызметкері дереу ер адаммен байланысып, оған жағдайды түсіндіріп, ұрланған қаражатты аударуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға байланысты заңсыз қаржылық операцияларға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.
Әңгімеден кейін ер адам Ерейментау ауданының полиция бөліміне келіп, шотына ақша түскенін растады. Жағдайдың құқықтық салдарын түсінген ол келтірілген залалды өз еркімен толық көлемде өтеді. Ақшалай қаражат заңды иесіне қайтарылды.