Жетісу облысында 40 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген алаяқ сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Алаяқтың заңға қайшы әрекеттері салдарынан 14 азамат зардап шеккен
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Жетісу облысында азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды.
Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған.
"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Жаңалықтар
0