https://sputnik.kz/20260205/turkistanda-25-myn-tonnaga-deyin-qyzanaq-osiretin-zhylyzhay-iske-qosylady-60932337.html
Түркістанда 25 мың тоннаға дейін қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады
Түркістанда 25 мың тоннаға дейін қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T08:06+0500
2026-02-05T08:06+0500
2026-02-05T08:06+0500
түркістан
қызанақ
жылыжай
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474048_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_377bf18350e649e57995c48a5ce39f56.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған "Ecoculture-Eurasia" өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда зор рөл атқаратын болады.Жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңге. Қазіргі уақытта 40 гектарда жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. Сегіз жылыжай блогының төртеуі қазірдің өзінде іске қосылған.Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешен және қоймалар құрылысы жүргізілуде."Ecoculture-Eurasia" серіктестігінің негізін қалаушы Алмас Дәуітовтың айтуынша, жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады, кешен заманауи нидерландтық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, ал жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады.Кешенді іске қосу 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысындағы жылыжайлардың жалпы ауданы 75 гектарға өсіп, 1715 гектарды құрады. Осы жылы 150 мың тоннадан астам көкөніс, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон және 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
https://sputnik.kz/20251120/shymkenttegi-zhylyzhay-kesheni-zhylyna-155-myn-tonna-qyzanaq-ondiredi-58945643.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30474048_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ce69be7b6a9d5fefc8a7a0cd50fdb880.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, қызанақ, жылыжай
түркістан, қызанақ, жылыжай
Түркістанда 25 мың тоннаға дейін қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады
Жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған "Ecoculture-Eurasia" өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда зор рөл атқаратын болады.
Жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңге. Қазіргі уақытта 40 гектарда жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. Сегіз жылыжай блогының төртеуі қазірдің өзінде іске қосылған.
Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешен және қоймалар құрылысы жүргізілуде.
"Ecoculture-Eurasia" серіктестігінің негізін қалаушы Алмас Дәуітовтың айтуынша, жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады, кешен заманауи нидерландтық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, ал жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады.
Кешенді іске қосу 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.
Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысындағы жылыжайлардың жалпы ауданы 75 гектарға өсіп, 1715 гектарды құрады. Осы жылы 150 мың тоннадан астам көкөніс, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон және 13 мың тонна құлпынай өндірілді.