https://sputnik.kz/20251120/shymkenttegi-zhylyzhay-kesheni-zhylyna-155-myn-tonna-qyzanaq-ondiredi-58945643.html
Шымкенттегі жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өндіреді
Шымкенттегі жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өндіреді
Sputnik Қазақстан
Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T20:42+0500
2025-11-20T20:42+0500
2025-11-20T20:46+0500
шымкент
қызанақ
жылыжай
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58945483_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_556fc736316e4f920831755b374058b7.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шымкент қаласында еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өндіруге есептелген.Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Түркия – Қазақстанның АӨК саласындағы негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінгі таңда елімізде түрік инвесторларымен бірлесіп жалпы құны 1,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр.Бүгін кешенді іске қосу аясында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңіне кіретін аумақта алғашқы қызанақ өнімі жиналды."Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған. Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 155 мың тонна, аумағы 650 гектар, бірінші кезең оның 208 гектарын қамтиды", - деп жазылған хабарламада.Жыл соңына дейін кешеннің 40 гектар учаскесі пайдалануға беріледі. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге жол ашады.Бастапқы кезең толық іске қосылғаннан кейін 2 мың жұмыс орны, ал жоба толық аяқталғанла 5 мың жұмыс орны ашылады.
https://sputnik.kz/20250523/polyak-pen-turik-investorlary-qazaqstanda-zhylyzhay-keshenderin-saluga-investitsiya-quyady-53795915.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58945483_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_23bd5996065fd7ca7e51fe5c09fca43a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қызанақ, жылыжай
шымкент, қызанақ, жылыжай
Шымкенттегі жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өндіреді
20:42 20.11.2025 (жаңартылды: 20:46 20.11.2025) Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шымкент қаласында еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірінің салтанатты ашылу рәсіміне
қатысты.
Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна қызанақ өндіруге есептелген.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Түркия – Қазақстанның АӨК саласындағы негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінгі таңда елімізде түрік инвесторларымен бірлесіп жалпы құны 1,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бүгін кешенді іске қосу аясында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңіне кіретін аумақта алғашқы қызанақ өнімі жиналды.
"Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған. Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 155 мың тонна, аумағы 650 гектар, бірінші кезең оның 208 гектарын қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Жыл соңына дейін кешеннің 40 гектар учаскесі пайдалануға беріледі. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге жол ашады.
Бастапқы кезең толық іске қосылғаннан кейін 2 мың жұмыс орны, ал жоба толық аяқталғанла 5 мың жұмыс орны ашылады.