Түркістан облысында заңсыз алтын қазған 12 адам ұсталды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуАлтын өндіру
Алтын өндіру - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Жазылу
Заңсыз өндірілген алтынның салмағы - шамамен 451 грамм
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқандар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
12 адам рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып алтын өндірген.
Заңсыз өндірілген алтынның салмағы - шамамен 451 грамм.
"Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. 5 күдіктіге үйқамаққа алынды", - дейді прокуратурада.
Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.
Тау-кен кәсіпорны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Шығын 2 млрд теңгеден асады: Қарағандыда кәсіпорын темір рудасын заңсыз өндірген
Жаңалықтар
0