Ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз ұтыс ойынынан 250 млн теңгеге жуық қаражат тапқан

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Жазылу
Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу анықтағандай, ерлі-зайыпты блогерлер 15 миллионнан астам оқырманы бар Instagram* әлеуметтік желісінде адамдардың сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған "курстарды" сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

"Алайда таратылған бейнематериалдар басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған", - деп жазылған хабарламада.

Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша қаражаты есебінен қалыптастырылған.
© Photo : Агентство по финансовому мониторингу КазахстааЕрлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова
Супруги - блогеры Ерболат Жанабылов и Эльмира Толегенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2026
Ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова
Электронды "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту фактілері анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.
Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.
"Нәтижесінде азаматтардан "Zhana Business" ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған", - дейді аенттікте.
Сот санкциясымен 17 дана iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
Түрмедегі қоршау - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Ұтысқа 10 көлік тіккен ерлі-зайыпты блогерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтар
0