https://sputnik.kz/20251016/utysqa-10-kolik-tikken-erli-zayypty-blogerler-bas-bostandygynan-ayyryluy-mumkin-57945278.html
Ұтысқа 10 көлік тіккен ерлі-зайыпты блогерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ұтысқа 10 көлік тіккен ерлі-зайыпты блогерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Тергеу шаралары екі айдың ішінде аяқталуы қажет 16.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-16T11:43+0500
2025-10-16T11:43+0500
2025-10-16T12:25+0500
кәсіпкер
қылмыс
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Танымал блогерлер - ерлі-зайыпты Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін Жанәбіловтердің ісі бойынша аппеляциялық соттың отырысы өткен болатын. Сол кезде судья блогерлердің әрекетінде қылмыстық жауапкершілік бар деген шешімге келді. Осыған байланысты қаржылық мониторинг тағы тергеуге кірісті.Оның айтуынша, Жанәбіловтер елде жүр. Тергеу шаралары екі айдың ішінде аяқталуы қажет.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша 20 000 айлық есептiк көрсеткiшке (2025 жылда - 7 864 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Еске салайық, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшаларында 10 көліктің ұтыс ойынын жарияланған.
https://sputnik.kz/20250824/erli-zayypty-blogerler-utysqa-10-kolik-tikti-ministrlik-tekseris-bastady-56567173.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, қылмыс, тергеу
Ұтысқа 10 көлік тіккен ерлі-зайыпты блогерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
11:43 16.10.2025 (жаңартылды: 12:25 16.10.2025) Тергеу шаралары екі айдың ішінде аяқталуы қажет
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Танымал блогерлер - ерлі-зайыпты Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Жанәбіловтердің ісі бойынша аппеляциялық соттың отырысы өткен болатын. Сол кезде судья блогерлердің әрекетінде қылмыстық жауапкершілік бар деген шешімге келді. Осыған байланысты қаржылық мониторинг тағы тергеуге кірісті.
"Материалдар бізге түсті. Қазіргі кезде 214-бап бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу басталды. Материалдар күні кеше ғана түскен, сондықтан блогерлерге қатысты шараны әлі қабылдаған жоқпыз", - деді Елемесов сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, Жанәбіловтер елде жүр. Тергеу шаралары екі айдың ішінде аяқталуы қажет.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша 20 000 айлық есептiк көрсеткiшке (2025 жылда - 7 864 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшаларында 10 көліктің ұтыс ойынын жарияланған.