Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Умеров Абу-Дабиде Украина бойынша келіссөз басталғанын хабарлады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өту Абу-Даби қаласы
 Абу-Даби қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Абу-Дабиде Украинадағы жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөздің жаңа кезеңі басталды. Бұл туралы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров хабарлады.
"Абу-Дабиде келіссөздің кезекті кезеңі басталды. Келіссөз процесі үшжақты форматта – Украина, АҚШ және Ресейдің қатысуымен өтіп жатыр", – деп жазды Умеров өзінің Telegram каналында.
Украина қақтығысын реттеу жөніндегі Ресей, АҚШ және Украина өкілдері келіссөзінің Абу-Дабидегі жаңа раунды 4-5 ақпанға жоспарланған болатын. Бұған дейін үшжақты жұмыс тобының қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөзі Абу-Дабиде 23-24 қаңтар күндері өтіп, екі күнге созылды.
Эр-Риядтағы келіссөздер - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздердің екінші кезеңі бірнеше күнге кейінге қалдырылды
Жаңалықтар
0