https://sputnik.kz/20260201/ukraina-boyynsha-kelissozderdin-ekinshi-kezeni-birneshe-kunge-keyinge-qaldyryldy-60844792.html
Украина бойынша келіссөздердің екінші кезеңі бірнеше күнге кейінге қалдырылды
Украина бойынша келіссөздердің екінші кезеңі бірнеше күнге кейінге қалдырылды
Sputnik Қазақстан
Қақтығысты реттеу бойынша келесі талқылау 4-5 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланған 01.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-01T20:32+0500
2026-02-01T20:32+0500
2026-02-01T21:09+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51907018_0:0:804:452_1920x0_80_0_0_335068adaf328d136c324bdd01cb020e.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің Әбу-Дабидегі жаңа саммиті бірнеше күнге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды РИА Новости New York Times басылымына сілтеме жасап.Владимир Зеленскийдің айтуынша, қақтығысты реттеу бойынша келесі талқылау 4-5 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланған.Бір күн бұрын Кирилл Дмитриев Майамиде АҚШ әкімшілігінің мүшелерімен келіссөздер жүргізді. Ол келіссөзді сындарлы және өнімді деп атады.Алдыңғы аптада Әбу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, оған Мәскеу, Киев және Вашингтон өкілдері қатысты. Тараптар АҚШ бейбітшілік жоспарындағы шешілмеген мәселелерді жабық есік артында талқылады. Бастапқыда жаңа кездесу 1 ақпанға жоспарланған болатын.
https://sputnik.kz/20260130/aqsh-ukraina-men-reseyge-energetika-nysandaryna-zhasalatyn-soqqylardy-toqtatudy-usyndy-60802772.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51907018_96:0:764:501_1920x0_80_0_0_31b356c863af9557d165726b0799dd1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бойынша келіссөздердің екінші кезеңі бірнеше күнге кейінге қалдырылды
20:32 01.02.2026 (жаңартылды: 21:09 01.02.2026) Қақтығысты реттеу бойынша келесі талқылау 4-5 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланған
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің Әбу-Дабидегі жаңа саммиті бірнеше күнге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды
РИА Новости New York Times басылымына сілтеме жасап.
"Осы апта соңында Флоридада ресейлік және америкалық келіссөз жүргізушілердің күтпеген кездесуінен кейін Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша үшжақты келіссөздердің екінші кезеңі бірнеше күнге кейінге қалдырылды", - деп хабарлайды басылым.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, қақтығысты реттеу бойынша келесі талқылау 4-5 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланған.
Бір күн бұрын Кирилл Дмитриев Майамиде АҚШ әкімшілігінің мүшелерімен келіссөздер жүргізді. Ол келіссөзді сындарлы және өнімді деп атады.
Алдыңғы аптада Әбу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, оған Мәскеу, Киев және Вашингтон өкілдері қатысты. Тараптар АҚШ бейбітшілік жоспарындағы шешілмеген мәселелерді жабық есік артында талқылады. Бастапқыда жаңа кездесу 1 ақпанға жоспарланған болатын.