Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украина мен Ресейге энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтатуды ұсынды

© МИД ОАЭ / Медиабанкке өтуАҚШ Украина мен Ресейге энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтатуды ұсынды
АҚШ Украина мен Ресейге энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтатуды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. АҚШ Абу-Дабиде Украина мен Ресейде энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы РИА новости хабарлады.
Американдық делегация өткен аптада Абу-Дабидегі келіссөздерде Украина мен Ресей келісімге қадам ретінде бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы беруді тоқтату идеясын алға тартты, деп жазады Financial Times газеті келіссөздерге қатысқан дереккөздер мен Украинаның жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасай отырып.

"Олар (дереккөздер - ред.) бұл АҚШ делегациясының идеясы деп мәлімдеді. Украина және Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққыларды тоқтата тұруға келісті... Шиеленісті реттеу бойынша келіссөздер аясында деэскалацияға қадам жасалды", - делінген басылымның хабарламасында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге жеке өзі Киевке және Украинадағы бірқатар басқа қалаларға соққы бермеуді сұрағанын айтқан.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина мәселесі бойынша бейбітшілікке қол жеткізілетініне сенім білдірді
Жаңалықтар
0