Ұлытау облысында ер адам үш жыл бойы марганецті заңсыз өндіріп келген

© Photo : Компания "Тау-Кен Самрук"Месторождение вольфрама "Северный Коптар" в Карагандинской области
Месторождение вольфрама Северный Коптар в Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында 4,8 млрд теңгеге марганец кенін заңсыз өндіру схемасы әшкереленді, деп хабарлады бас прокуратура.
Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады.
"Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан "Шығыс Қаражал" кен орнында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Сонымен қатар, қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Қылмыстық қызметтің нәтижесінде және өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда тапқан.
Ұлытау облысы сотының үкімімен кінәлі адам 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Мемлекет кірісіне 4,8 млрд теңге өндіріліп, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Тау-кен кәсіпорны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Шығын 2 млрд теңгеден асады: Қарағандыда кәсіпорын темір рудасын заңсыз өндірген
Жаңалықтар
0