Қазақстан мен Пәкістан қандай құжаттарға қол қойды

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Қазақстан президенті Исламабадқа ресми сапармен барды
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Келіссөздер қорытындысы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда
Қазақстан мен Пәкістан қол қойған құжаттар:
1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және геология ғылымдары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;2.
БҰҰ миссияларында бітімгершілік бөлімшелерін бірлесіп орналастыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;3.
Экстрадициялау туралы шарт;4.
Қазақстан Республикасының көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының федералды теңіз істері министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;5.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;6.
Кеден мәселелеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісім;7.
Қазақстан Республикасының көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;8.
Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9.
Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;10.
Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;11.
Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;12.
Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының "Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;13.
Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;14.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасының білім және кәсіптік даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;15.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасының мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;16.
2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;17.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасының виртуалды активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;18.
Қазақстан Республикасының көлік министрлігі мен Карачи порты арасында ақпарат алмасу және кәсіби даму саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;19.
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ мен National LOGISTICS Corporation арасындағы логистика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.