Мектеп бағдарламасына арнайы курс енгізу керек - депутаттар ұсынысы

© Sputnik / Болат ШайхиновСветофор
Светофор - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Жазылу
Мектептерде оқушылар үшін "Авто ісі және жол қозғалысы қауіпсіздігі" атты факультативтік курсты жаппай енгізуді ұсынып отыр
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның депутаттары мектеп бағдарламасына жол ережесі бойынша арнайы курс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр республика бойынша 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. 2,3 мыңнан астам азамат көз жұмса, 49,2 мыңы жарақат алған. Жүздеген адам мүгедектер арбасына таңылып қалды.
"Бұл қатарда ел болашағы саналатын балалар мен жастардың да бар екені бізді ерекше алаңдатады. Осы тұрғыда ең алдымен балаларға жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде меңгертіп, оларға "аман қалуды" емес, саналы әрі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруымыз қажет", - деді депутат Наурыз Сайлаубай мәжілістің бүгінгі отырысында.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мектептерде оқушылар үшін "Авто ісі және жол қозғалысы қауіпсіздігі" атты факультативтік курсты жаппай енгізуді ұсынып отыр.
"Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін беру мақсатында қызмет көрсететін білім беру орталықтарының жұмысын күшейтілген тәртіпте қадағалап, олардың жол қозғалысы ережелерін оқыту барысында қоғамдық өмір үшін аса маңызды жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруына басымдық беру керек", - деді депутат.
Ал цифрлық қосымшалар арқылы қалааралық такси қызметін көрсететін тұлғалар тасымалдаушы лицензиясын алуы қажет.
Депутаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды
Жаңалықтар
0