Медицина қызметкерін балағаттаған Ақтөбе тұрғыны айыппұл арқалады

© Sputnik / Абзал КалиевЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
Балағат сөз естіген фельдшер кешірім берген
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында фельдшерге былапыт сөз айтқан тұрғын айыппұл төледі, деп хабарлайды облыстық сот.
Шалқар тұрғыны 103 телефон нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Алайда шақырту қабылдаған диспетчер-фельдшерді балағаттаған.
"Фельдшерге қатысты өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөздер айтып, құрметсіздік танытқан", - дейді сотта.
Тұрғынның мәселесі сотта қаралды. Ол өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ал балағат сөз естіген фельдшер кешірім берген.
Сот үкімімен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 801-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 129 750 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Ауа ластануы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жамбыл облысында табиғатты ластаған кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0