Жамбыл облысында табиғатты ластаған кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл арқалады

© Sputnik / Александр КряжевАуа ластануы
Ауа ластануы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Оттегінің химиялық тұтынуы, темір, нитрит, фосфат, ОБТ5 және нитрат мөлшерден асып кеткен
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Сот кәсіпорынға қоршаған ортаны ластағаны үшін 54 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды облыстық сот.
Кәсіпорынның қызметін Жамбыл облыстық экология департаменті тексерген. Ластаушы заттар шығарындылары нормативтен асып кеткен.
"Оттегінің химиялық тұтынуы, темір, нитрит, фосфат, ОБТ5 және нитрат мөлшерден асып кеткен. Осылайша, кәсіпорын экологиялық кодекс нормаларын елеулі бұзған, хаттама жасалды", - дейді сот.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес 78,5 млн теңгеден астам айыппұл 30%-ға қысқартылды. Сот кәсіпорынға 54,9 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0