Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиАқтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыма міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғыланғаны анықталды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша облыстық экология департаменті "Интергаз Орталық Азия" филиалының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында, Шалқар ауданындағы Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыма міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғыланғаны анықталды.
"Заңға сәйкес, атмосфераға шығарындыларды шығару және өндірістік қалдықтарды орналастыруда қоршаған ортаға эмиссиялар үшін арнайы рұқсат қажет. Рұқсатсыз эмиссиялар нормативтен жоғары деп танылады және белгіленген лимиттен артық жинақталған немесе көмілген қалдықтардың көлеміне қатысты он мың пайызы мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысымен компанияға қатысты 1,2 млрд теңге айыппұл салумен 4 әкімшілік материал тіркелді.
Бүгінгі таңда компания 20 миллион теңге айыппұлды өз еркімен төлеп, қалған 1,1 млрд теңгеден астам соммаға қатысты сотқа шағым түсірді.
Алайда, сот шешімімен қайлы күшінде қалдырылды.
Компания бір ай ішінде айыппұлдың қалған сомасын төлеуге міндеттелді. Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу көзделген.
Стихийные свалки в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
52 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді: Астанада қоқыс бей-берекет төгіліп жатыр
Жаңалықтар
0