FlyArystan тегін жүк тасымалдауға қатысты талапты өзгертті

© Sputnik / Владислав ВодневFlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Жазылу
FlyArystan жолаушыларының төртеуінің үшеуі 2024-2025 жылдары салмағы ең аз қол жүгін тасымалдап ұшқан
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы тегін қол жүгін тасымалдау талаптарына қатысты өзгерістер енгізді.
2026 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушылар енді 7 килограмға дейінгі салмақтағы қол жүгін тасымалдай алады. Бұған дейін бұл мөлшер 5 килограмм болатын. Бірақ қол жүгінің өлшемдері өзгеріссіз қалады – 56 x 23 x 36 см.
"Шешім нарықты кешенді бизнес-талдау, соның ішінде жолаушыларға сұраныс үлгілерін, пайдалану процестерін және әуе тасымалдаушыларының тәжірибесін зерттеу нәтижесінде қабылданды", - деп түсіндірді FlyArystan әуе компаниясында.
Компания жаңа ережелер сатып алу күніне қарамастан, осы күннен бастап орындалатын рейстерге берілген барлық билетке қатысты қолданылатынын хабарлады.
Лоукостерде жолаушыларға бір қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілетінін, ол белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сәйкес келуі керектігін еске салды.
Компанияның мәліметтері бойынша, FlyArystan жолаушыларының төртеуінің үшеуі 2024-2025 жылдары салмағы ең аз қол жүгін тасымалдап ұшқан.
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
FlyArystan жолаушыларға "duty free" тауарларын тегін тасымалдауға рұқсат етті
Жаңалықтар
0