FlyArystan жолаушыларға "duty free" тауарларын тегін тасымалдауға рұқсат етті

© Photo : Пресс-служба FlyArystan FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жазылу
Бұған дейін әуе компаниясы баж салығынсыз сауда негізінде сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулер енгізген
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Прокуратура талабы бойынша FlyArystan duty free тауарларын тасымалдау қағидаларын жаңартты, деп хабарлады бас прокуратура.
"Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы әуе компаниясының қызметін талдау барысында баж салығынсыз сауда негізінде сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті.
2025 жылдың 1 қазанынан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.
Прокуратурада мұндай өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыратынын және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыратынын хабарлады.
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Оралдан Астанаға ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып қалды
Жаңалықтар
0